Новости и объявления
Қордай тұрғындары қазақ, ағылшын, француз тілдерін үйрене бастады – Сапарбаев
9 июня, 11:38Қордай ауданында жергілікті тұрғындарға қазақ, ағылшын, француз және басқа да шет тілдерін үйретуге бағытталған «Тілдер саябағы» жобасы бастау алды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Facebook парақшасында жазды.
«Сортөбе ауылында қазақ тілін оқып жатқан жастармен сөйлестім. Мемлекеттік тілді оқыту – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, халықтың бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызды фактор. Әр адам өз ана тілінен басқа да тілдерді меңгеруге ұмтылуы тиіс. Шет тілдерін білу тұтастай алғанда елдің адами және интеллектуалдық капиталын анықтайды», - деп жазады ол.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында жаппай қақтығыс болып, 10 адам қаза тапқан еді.Үш күннен кейін, облыс әкімі болып, Асқар Мырзахметовтың орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды.
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz
другие статьи
-
Два казахстанских фильма претендуют на "Золотой Глобус"
7 декабря, 20:19 -
Пойте и учите казахский язык на Караоке Soyle!
19 ноября, 15:00 -
МЕСТОИМЕНИЯ / ЕСІМДІКТЕР
7 сентября, 17:33 -
Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан
18 сентября, 12:06 -
Ғибратты әңгімелер: "ТАРАЗЫ"
3 октября, 23:00