Читаем
Қу түлкі ертегісі
26 июля, 14:44
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
другие статьи
-
Чем полезен кумыс?
1 октября, 13:01 -
Бекболат Тілеухан: Қазақ тілінің Қазақстаннан басқа барар жері жоқ
24 апреля, 15:38 -
Стартует прием заявок на участие в конкурсе «Караван доброты»
1 октября, 11:08 -
В КНИЖНОМ МАГАЗИНЕ / КІТАП ДҮКЕНІНДЕ
8 сентября, 12:48 -
Гүлсімай Сайрамбек - "Абай Әлемі" байқауының жүлдегері
5 ноября, 16:01 -
Өзбекстанда «Абайдың дана сөзі» атты кітап жарыққа шықты
24 июля, 20:12
