Полезно знать
Сақтық бата
6 ноября, 14:03
Дұшпанның табасынан сақта,
Достың наласынан сақта.
Өмір бойы жазылмайтын,
Жүректің жарасынан сақта.
Шарасыз шерменде болғаннан сақта,
Мезгілсіз солғаннан сақта.
Ағайынға көзтүрткі болып,
Сүмірейтіп қорлаудан сақта.
Сенгенің сатып кеткеннен сақта,
Дұшпан алдында шөккеннен сақта.
Қарғап-сілеп тамам жұрт,
Қаһарын төккеннен сақта.
Үгіліп жылағаннан сақта,
Араша сұрағаннан сақта.
Амалың құрып есеңгіреп,
Қайтып тұрмастай құлағаннан сақта.
Кесапаттың зәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Қол жайып тілеген пендеңді,
Пәле-жаланың бәрінен сақта.
Әумин!
другие статьи
-
СӘЛЕМ БЕРУ – МӘДЕНИЕТТІЛІКТІҢ АСҚАН ҮЛГІСІ
29 апреля, 12:46 -
Ахмет Байтұрсынұлы - Аңдарға келген індет
6 сентября, 10:14 -
Объявлен конкурс «Абай әлемі», посвященный к 175-летию Абая Кунанбаева
24 февраля, 20:04 -
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
16 декабря, 21:14 -
«Кім білгіш?» - білімқұмарлар мен белсенділер турнирі
10 июля, 15:05 -
Казахский язык в режиме Online
21 декабря, 23:01
