Слабовидящим
Поиск

Говорим (аудио разговорники)

НА БАЗАРЕ / БАЗАРДА

8 сентября, 7:24

nabazarrre.mp3

 

НА БАЗАРЕ / БАЗАРДА

Овощной отдел / Көкөніс бөлімі 

кабачки

кәді

капуста

қырыққабат

картошка

картоп

качан

қаудан

лук

пияз

морковь

сәбіз

огурец

қияр

перец

бұрыш

петрушка

ақжелкен

помидор

қызанақ

пучок

бума

редис

шалғам

свекла

қызылша

укроп

аскөк

цветная капуста

гүлді қырыққабат

чеснок

сарымсақ

Я хотел(а) купить овощи для салата.

– Мен салатқа керекті көкөністер алайын деп едім.

А фрукты свежие?

– Жеміс-жидектер жаңадан әкелінген бе?

Да, фрукты и овощи у нас всегда все свежие.

– Иә, бізде үнемі жаңадан әкелінген жеміс-жидектер мен көкөністер болады.

Мне 3 кг груши,

- 2 лимона,

- две головки чеснока,

- один пучок укропа,

- 2 кг помидора,

- 1 кг огурца.

– Маған 3 келі алмұрт,

- 2 лимон,

- екі бас сарымсақ,

- бір бума аскөк,

- 2 келі қызанақ,

- 1 келі қияр.

Всего сколько тенге?

– Барлығы қанша теңге болды?

Клубнику не хотите, очень вкусная?

– Құлпынай алмайсыз ба, өте дәмді?

Сколько стоят яблоки, груши?

– Алма, алмұрт қанша тұрады?

Дайте мне, пожалуйста, килограмм (два, три, четыре килограмма) апорта,

- винограда,

- слив,

- урюка,

- малины,

- клубники.

– Маған бір (екі, үш, төрт) келі апорт,

- жүзім,

- қара өрік,

- өрік,

- бүлдірген,

- құлпынай беріңізші.

Взвесьте мне три килограмма картошки.

– Маған үш келі картоп беріңізші.

Сколько стоят огурцы?

– Қияр қанша тұрады?

Вам для маринования или для салата?

– Сізге маринадтау үшін керек пе, әлде салат жасауға ма?

Мне нужны огурцы для маринования.

– Маған қияр маринадтау үшін керек.

Когда будет цветная капуста?

– Гүлді қырыққабат қашан түседі?

Вам лук положить в отдельный пакет?

– Сізге пиязды бөлек қалтаға салып берейін бе?

Помидоры свежие?

– Қызанақ жаңадан әкелінген бе?

Сколько килограммов моркови вам взвесить?

– Сізге неше келі сәбіз өлшейін?

Положите мне баклажаны средних размеров.

– Маған орташа көлемді баклажандар салыңызшы.

Как вы продаете чеснок?

– Сіз сарымсақты қалай сатасыз?

Головка стоит пятьдесят тенге.

– Бір басы елу теңге тұрады.

Дайте мне килограмм свеклы.

– Маған бір келі қызылша беріңізші.

У вас есть редис?

– Сізде шалғам бар ма?

Дайте кабачки.

– Кәді беріңізші.

Дайте мне большой качан капусты.

– Маған үлкен қырыққабат беріңізші.

Вам нужен сладкий перец?

– Сізге тәтті бұрыш керек пе?

Сколько стоит пучок укропа, петрушки?

– Аскөктің, ақжелкеннің бір бумасы қанша тұрады?

Один пучок петрушки стоит сорок тенге.

– Ақжелкеннің бір бумасы қырық теңге тұрады.

 

Фрукты, ягоды  /  Жеміс-жидек 

абрикос

өрік

апельсин

апельсин

апорт

апорт

арбуз

қарбыз

виноград

жүзім

груша

алмұрт

дыня

қауын

изюм

мейіз

клубника

құлпынай

кокос

кокос

компот

нәрсуы

косточка

дән

курага

кепкен өрік

малина

таңқурай

персик

шабдалы

сочный

шырынды

сухофрукты

жемісқақ

сушеный

кепкен

тропический

тропикалық

штучно

дана

У вас есть фасованные сухофрукты?

– Сізде өлшеп салынған жемісқақтар бар ма?

У нас есть фасованный изюм.

– Бізде өлшеп салынған мейіз бар.

Курага с косточками или без косточек?

– Кепкен өрік дәнімен бе, әлде дәнсіз бе?

А что у вас есть из тропических сухофруктов?

– Тропикалық жемісқақтың қандайы бар?

Есть сушеные бананы.

– Кептірілген банан бар.

Мне нужны сухофрукты для компота.

– Маған нәрсуын қайнатуға жемісқағы керек.

Есть сушеные яблоки и груши?

– Кептірілген алма мен алмұрт бар ма?

Сколько стоит килограмм яблок?

– Алманың келісі қанша тұрады?

Вам какие сорта нужны?

– Сізге қандайы керек?

Мне нужен сочный сорт.

– Маған шырынды түрі керек.

Купите алматинский апорт.

– Алматы апортын алыңыз.

Как вы продаете бананы?

– Сіз бананды қалай сатасыз?

Продаю штучно.

– Даналап сатамын.

Мне нужны абрикосы и персик.

– Маған өрік пен шабдалы керек.

По чем продаете дыни?

– Қауынды қаншадан сатып жатырсыз?

Килограмм дыни стоит сто тенге.

– Қауынның келісі жүз теңге тұрады.

Мне нужен виноград без косточек.

– Маған дәні жоқ жүзім керек еді.

Дайте, пожалуйста, полкилограмма лимонов.

– Жарты келі лимон беріңізші.

Сколько килограммов будет весить средний арбуз?

– Орташалау қарбыз қанша келі тартады?

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!