Слабовидящим
Поиск

Говорим (аудио разговорники)

ШКОЛА / МЕКТЕП

8 сентября, 23:43

shhkolla.mp3

 

ШКОЛА / МЕКТЕП

учеба

оқу

учебный год

оқу жылы

учебник

оқулық

ученик (ца)

оқушы / шәкірт

учащиеся

оқушылар

учитель (ница)

мұғалім /ұстаз

урок

сабақ

экзамен

емтихан

выпускник

түлек

предмет

пән

школа-интернат

мектеп-интернат

Где находится ваша школа?

– Мектептерің қай жерде орналасқан?

Какой иностранный язык изучают у вас в школе?

– Мектептеріңізде қандай шетел тілі оқытылады?

С какого класса изучают у вас иностранный язык?

– Сіздерде шетел тілін қай сыныптан бастап үйретеді?

Какие условия созданы детям в школе?

– Мектепте балаларға қандай жағдайлар жасалған?

Во сколько лет можно привести ребенка в школу? 

– Баланы мектепке қанша жастан беруге болады?

Если на 1 сентября текущего года вашему ребенку исполнилось не менее шести с половиной лет, а лучше — семь

– Сол оқу жылының 1 қыркүйегінде балаңыздың кемінде алты жарым жаста болғаны жөн, ал дұрысы  - жеті жас

Обязательна ли единая школьная форма? 

– Бірыңғай мектеп формасының болуы міндетті ме?

Вопрос о единой школьной форме решается в каждом педагогическом коллективе индивидуально 

– Бірыңғай мектеп формасы туралы мәселені әрбір педагогикалық ұжым өз бетінше шешеді

Какое учебное заведение вы окончили?

– Сіз қай оқу орнын бітірдіңіз?

Я окончил(а) педагогический институт/университет

– Мен педагогикалық институтты/университетті бітірдім

Какой предмет вы преподаете?

– Сіз қай пәннен сабақ бересіз?

Я учитель/ница казахского (русского, английского, немецкого, французского) языка

– Мен қазақ (орыс, ағылшын, неміс, француз) тілінің мұғалімімін

В каком классе ты учишься?

– Сен қай класта оқисың?

Сколько учеников  в классе?

– Сыныбыңда қанша оқушы бар?

Можно познакомиться с учебной программой школы?

– Мектептің оқу бағдарламасымен танысуға бола ма?

Да, можно

Иә, болады

Я хочу познакомиться с планом воспитательной работы школы (класса)

– Мен мектептің (сыныптың) тәрбие жұмысының жоспарымен танысайын деп едім

У нас такая (-ой) же программа (план)

– Бізде де бағдарлама осындай (жоспар)

У нас другая (-ой) программа (план)

– Біздің бағдарламамыз (жоспарымыз) басқаша

Как поступить в вашу школу?

 - Сіздердің мектептеріңізге қалай түсуге болады?

Вам нужно позвонить в школу и записаться на собеседование, которое проходит регулярно с середины апреля по июнь.

- Мектепке телефон соғып, әңгімелесуге жазылыңыз, ол бізде сәуір айының ортасынан маусымға дейін үнемі өткізіліп отырады

Как проводят летние каникулы ученики вашей школы?

– Сіздің мектептің оқушылары жазғы демалысын қалай өткізеді?

Сколько учеников у вас учатся на «хорошо» («отлично», «удовлетворительно», «плохо»)?

– Сіздерде неше оқушы «жақсы» («өте жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман») деген бағаға оқиды?

Этот ученик хорошо (плохо) учится

– Бұл оқушы жақсы (жаман) оқиды

Это мой (бывший) ученик. Я горжусь им

– Бұл менің (бұрынғы) оқушым. Мен оны мақтан етемін

Сколько уроков у вас сегодня?

– Сіздерде бүгін неше сабақ болады?

Я (мы) хотел (хотели) бы посетить урок казахского (английского) языка, казахской (русской) литературы, химии

– Мен (біз) қазақ (ағылшын) тілі, қазақ (орыс) әдебиеті, химия сабағына кірейін (кірейік) деп едім (едік)

Вы знаете новую структуру среднего образования?

– Сіз орта білім берудің жаңа құрылымын білесіз бе?

Среднее образование поэтапно приобретается в организациях среднего образования на трех уровнях

– Орта білім үш деңгейде орта білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен іске асырылады

Расскажите мне о уровнях

– Маған деңгейлер туралы айтып беріңізші

Первый уровень – начальное образование

– Бірінші деңгей – бастауыш білім

Нормативный срок обучения – 4 года (1-4 классы)

– Білім берудің нормативтік мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар)

А какой рекомендуемый возраст?

– Ал ұсынылатын жас неше болады?

Рекомендуемый возраст начала обучения – 6 лет

– Білім берудің бастапқы ұсынылатын жасы – 6 жас

Второй уровень – основное среднее образование (5-10 классы)

– Екінші деңгей – негізгі орта білім (5-10 сыныптар)

Третий уровень – общее среднее образование (11-12 классы)

– Үшінші деңгей – жалпы орта білім (11-12 сыныптар)

Когда разработан Государственный общеобязательный стандарт образования РК?

– ҚР Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қашан әзірленді?

Разработан в 02.09.1999 году согласно постановлению Правительства РК «О порядке разработки, утверждения и сроках действия государственных общеобязательных стандартов»

– ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, бекіту және әрекет ету мерзімінің тәртіптері туралы» қаулысына сәйкес 1999 жылғы  02 қыркүйекте әзірленді

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!