Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған
Присоединяйся:

Новости и объявления

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған

24 февраля, 19:59

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты — қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

 

Биыл қазақтың ұлы ақыны, философ, гуманист және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Көрнекті ақын-ағартушының бейнесі тек әдебиет саласында ғана емес, музыка және бейнелеу өнерінде де сақталған. Абай орыс классиктерінің шығармаларын бірінші болып қазақ тіліне аударды. Абайдың көркем әдебиеттің дамуына қосқан елеулі үлесі «Қара сөздері» болды. Бұл мұра жастарды қазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыруда маңызды рөл атқарды.

Байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.

Жеңімпаз студенттерге арнайы тақырыптар бойынша ақшалай сыйлық беріледі: бір бірінші орынға — 300 000 теңге, екі екінші орынға — 200 000 теңгеден және үш үшінші  орынға — 100 000 теңгеден, магистранттарға: бірінші орынға — 400 000 теңге, екі екінші орынға — 300 000 теңгеден және үш үшінші орын үшін әрқайсысы 200 000 теңгеден табысталады.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде мақаланың өзектілігі, ой-тұжырымдардың жаңашылдығы, ғылыми зерттеу нәтижесі, идеялардың түпнұсқалығы, құрылымдылығы мен автордың ойлау дербестігі басшылыққа алынады. Жұмыстарды бағалаудың объективтілігі — қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.

Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.

Өтініштер 2020 жылдың 25 ақпанынан 25 мамырына дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2020 жылдың маусым айында белгілі болады. Толық ақпарат http://presidentfoundation.kz/https://www.qazaq-found.kz/https://abaialemi.kz/ сайттарында.

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына

арналған студенттер мен магистранттар арасында өткізілетін «Абай әлемі»  ғылыми байқауының 

Ережесі

  1. Жалпы ереже
  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Абай әлемі» ғылыми байқауын (бұдан әрі — Байқау) өткізу тәртібін белгілейді.
  3. Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттауға, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету. Абайды заман талабына сай  жаңа қырынан тануға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.
  4. Байқаудың міндеттері:
  • Жас ғалымдардың Абай шығармашылығын тереңінен танып зерттеуіне, толық игеруіне ықпал ету;
  • Жас ғалымдардың сөз  өнерін  зерделеу, ғылыми талдау құзыреттіліктерін қалыптастыру.
  • Қазіргі заман ғылымындағы жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

Байқаудың құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры (бұдан әрі — Байқау құрылтайшысы).

Байқауды өткізудегі серіктес: Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқау төмендегі тақырыптар бойынша өткізіледі:

Студенттер арасында:

1) «Абай мұрасы — рухани кемелділік өзегі»;

2) «Абай және классикалық әлем әдебиеті»;

3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі»;

Магистранттар үшін:

1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;

2) «Абайтанудағы ақтаңдақтар»;

3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».

Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынады .

Студенттер мен магистранттар арасында өткізілетін байқауда әрбір топ бойынша 3 орын тағайындалады (1 орын -1 адам, 2 орын — 2 адам, 3 орын -3 адам).

 

Студенттер арасында:

1 орын – 300 000тг

2 орын – 200 000тг

3 орын – 100 000тг

 

Магистранттар арасында:

1 орын – 400 000тг

2 орын – 300 000тг

3 орын – 200 000тг

 

Өткізу тәртібі

Байқаудың басталу мерзімі http://presidentfoundation.kz/https://www.qazaq-found.kz/https://abaialemi.kz/ сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ғылыми мақалалар 2020 жылғы 25 ақпан мен 25 мамыр аралығында қабылданады.

Байқаудың қорытындысы 2020 жылғы маусым айында жарияланады.

Байқауға мақалаларды ұсыну тәртібі

  1. Байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі ғылыми мақалалары қабылданады.
  2. Бір автор бір мақала ғана ұсына алады.

Мақалаға қойылатын талаптар:

— бұдан бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми жұмыстар қабылданады;

— жұмыстың өзектілігі (тұжырымдары мен ғылыми-практикалық мәні, идеялардың, әдістердің қолданылуы);

— ғылыми зерттеу нәтижесі (өзектілігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы);

— құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі);

— пайдаланылған әдебиеттер тізімі 7-ден кем емес;

— барлық мақалалар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%.

— мәтін Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 11 пт, аралық 1, өрістер — барлық жерде 2 см;

— мақаланың көлемі 5-7 бет;

— автор туралы толық дерек (аты, әкесінің аты, тегі, академиялық дәрежесі, ЖОО атауы, факультеті, курсы, қаласы, автордың е-mail поштасы, нөмірі) жеке құжатқа сақталып, бөлек жіберіледі;

— аңдатпада 5-6 сөйлем болуы керек, мұнда жүргізілген зерттеу жұмыстарының қысқаша және нақты сипаттамасы, зерттеудің мақсаты, әдістері және негізгі нәтижелері келтіріледі;

— әдебиеттер тізіміндегі дереккөздерге  мәтінде көрсетілген сілтемелер болуы керек. Дереккөздер саны кем дегенде жеті, ал нөмірленуі — мәтінде көрсетілгендей болуы шарт;

Өтінімдер abai_fond@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:

  • өзінің авторлығын растайды;
  • байқау ұйымдастырушыларына мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;
  • авторлық гонорарды талап етпейді.

Қабылданған мақалалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

  1. Қолжазбаларды бағалау мен саралау, Байқау жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтау абайтанушы ғалымдардан, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестерінің өкілдерінен жасақталған қазылар алқасына тапсырылады.
  2. Қазылар алқасының құрамы мен төрағасын байқаудың құрылтайшысы бекітеді.
  3. Қазылар алқасының Байқау талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді мақалаларды) құқығы бар.
  4. Байқауға ұсынылған мақалалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі көрсетілмейді).
  5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  6. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде мақаланың өзектілігі (тұжырымдар мен ғылыми-практикалық мәні, ой-тұжырымдардың жаңашылдығы), ғылыми зерттеу нәтижесі (өзгешелігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы), құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі) мен автордың ойлау дербестігі басшылыққа алынады.
  7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін құпиялылық (анонимділік) сақталады.
  8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.

другие статьи