Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Латыннегізді қазақ әліпбиі: Ғалымдар қандай талаптар қойылатынын айтты

20 февраля, 13:55

«Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» тақырыбындағы кеңесте жұмыс топтарының бірлескен кеңесінде үш әліпби жобасы талқыланды. Бұл туралы Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Бұған дейін бекітілген, алайда жетілдірілу қажеттігі туындаған акут нұсқасы, баламалы негіздегі умлаутты әліпби жобасы және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдар тобының әліпби жобасы талқыланды. Алғашқы екі әліпби жобасы 14 ақпанда Тіл комитетінің ұйымдастырумен аймақтағы тіл басқармаларының үйлестіруімен республикалық көлемде филолог ғалымдар мен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары арасында ашық талқылаудан өтті. Үшінші жоба әлеуметтік желілерді талқыланды», делінген хабарламада.

 Аталған әліпби жобаларының қайсысы қолдануға тиімді екенін анықтау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінде оқушылар мен студентер арасында әліпби жобалары бойынша сынама-сауалнама жұмыстары жүргізілген.

 

 

Кеңейтілген кеңесте осы талдаулар мен талқылаулардың қорытындылары, ұсыныстар және сынама жұмыстарының, нәтижелерінің сараптамалары жинақталып баяндалды. Ғалымдар әліпбиге  қойылатын мынадай талаптар негізінде қазақ тілінің барлық дыбыстарының қамтылуы; «бір дыбыс - бір таңба» қағидатының сақталуы; қосымша диакритикалық белгілердің сабақтастығы мен жүйелілігі; латын таңбаларының және диакритикалардың қазақ тілінің дыбыстары сипатына сай болуы; әліпбиде ғылыми негізділіктің сақталуы; әліпби таңбаларының Халықаралық фонетикалық әліпби жүйесіне сәйкестігі; әліпби таңбаларының UNICODE жүйесіне сай болуы; қазақ тілінің төл табиғатына сай әліпбилік реттіліктің сақталуы.

 

Бірлескен кеңесте әліпбидің үш жобасы бойынша арнайы баяндамалар жасалып, ғылыми талқылау өткізілді. Кеңес әліпби жұмысын қортындылай келе, талқыланған  жобалар арасынан лайықты деп танылған әліпби жобасын Ұлттық комиссияға ұсынылатын болады.

Дереккөз: elorda.info

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!