ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры оқу-әдістемелік вебинарға ҮЕҰ жетекшілері мен өкілдерін шақырады
Присоединяйся:

Новости и объявления

ҮЕҰ ҮШІН ВЕБИНАР

7 апреля, 18:50

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры және Алматы азаматтық орталығы ( @CivilCenterAlmaty ) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: байқауға қатысудың жаңа ережелері және көрсетілетін қызмет сапасын бағалау критерийлері» атты оқу-әдістемелік вебинарға ҮЕҰ жетекшілері мен өкілдерін шақырады.

Семинар барысында тыңдаушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу үшін нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер, байқауға қатысушының өтінімін беру тәртібі және бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері барлық кезеңде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар алады.

Вебинар тренерлері:

- Александр Братенков - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жөніндегі маман (ҚР ДСМ сертификаты), 2012 жылдан бастап жоба жасау тәжірибесі бар, «Қоғамдық жобалар» институтының жетекшісі.
- Оксана Дедович - Алматы азаматтық орталығының кеңесшісі.

Вебинар бағдарламасы:

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу үдерісін нормативті-құқықтық реттеу;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес, жобалау жұмыстарын қалыптастыру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік сатып алу порталымен практикалық жұмыс.

Сонымен бірге, вебинарға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына өтінім беру ережелеріне қатысты нақты мәселелер бойынша кеңестер ала алады.

Күні мен уақыты: 7 сәуір (сейсенбі), таңғы 10:30-дан 12:30-ға дейін.

Қатысу тегін, профильдегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркелу қажет.

#БізБіргеміз #YйдеБол #StayHome #Вебинар #ТұңғышПрезидентҚоры #АлматыАзаматтықОрталығы #CivilCenterAlmaty #fpp_kz

другие статьи