«Назарбаев – ядроға қарсы әлемнің көшбасшысы» атты кітабының тұсаукесері өтті
Присоединяйся:

Новости и объявления

«Назарбаев – ядроға қарсы әлемнің көшбасшысы» атты кітабының тұсаукесері өтті

5 апреля, 19:00

2011 жылдың 5 сәуірі күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында танымал ресейлік саясаттанушы Юрий Солозобовтың «Назарбаев – ядроға қарсы әлемнің көшбасшысы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Туынды Қазақстанның жаңа тарихын арқау еткен кітаптар сериясынан жарық көрген төртінші шығарма. Еңбекте санаулы жыл ішінде Қазақ елінің мәртебесін әлемге танытқан Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси шешімдеріне баға беріліп, елдің тарихи дамуындағы келелі өзгерістерге, жаңа бетбұрыстарға талдау жасалған.

«Бұл кітап арқылы «ұлт көшбасшысы феномені деген не?» тұрғысындағы сұраққа жауап беруге тырыстық. Тәуелсіз Қазақстанның жеңісті де жемісті жетістіктерінің өзегі саналатын «Назарбаев факторының» мәнін ашуды мақсат еттік. Саяси ілімдердің атасы - Аристотель көшбасшылық ұғымына көрегендікпен мақсат еткен нәрсені жүзеге асыру деген анықтама берген екен, ал бұл тұтастай Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стиліне сәйкес келеді. Ядролық қарудан түпкілікті бас тарту келісімге негізделген ынтымақтастықты мақсат еткен тұлғаның көрегендігін айғақтайды», - деді автор.

Кітапта танымал ресейлік ғалымдардың, белгілі саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері топтасқан. Жоба авторы Қазақстанға жаңа геоэкономикалық жобалардың интеграциялық көшбасшысы және бастамашысы ретінде белсенді рөл берілуі тиіс деп санайды. Мұқабасы ерекше көркемделіп, ішкі беттері түрлі-түсті фотолармен безендірілген еңбектен басқа көпшілік назарына Қазақстан және оның көшбасшысы жайлы бірқатар кітаптар сериясы ұсынылды.

«Назарбаев факторы» біздің ынтымақтастық ісімізде ерекше маңызға деген автор 2005 жылы Ресей азаматтарының басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаевты ТМД елдеріндегі ең танымал саясаткер ретінде танығанын атады. Тәуелсіз жас мемлекет ядроға қарсы бейбітсүйгіш ел болып қалыптасуы үшін көптеген жұмыс атқарды. Н.Назарбаев еліміздің Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға дайын екенін 1992 жылы 18-23 мамырда Вашингтонға алғашқы ресми сапары кезінде де жариялаған болатын. Әрі Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құру туралы бастама көтерді.

Дереккөз: facebook.com/fpp.kz

другие статьи