Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 мая, 20:17

 

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген. Бауырмал қазақ халқы қашанда бірлікті ту еткен. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келгендерді бауырына басқан, төрін берген, бір дәнді бөліп жеген. Қаймағы бұзылмаған, берекесі кетпеген Қазақ елі бүгінде көпұлтты мемлекет. Бір тудың астында сүттей ұйыған қаншама ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті күн кешіп жатыр.

Елбасының ширек ғасыр бұрын ұлттық болмысымызды айқындай отырып, осынау мерейлі мерекені белгілегені анық. Бұл мейрам достық, сенім, патриотизм сынды асыл қасиеттерді дәріптейді. «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ». Береке-бірлік, жарасымды тірлік болмаса, ештеңе де өнбейді. Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын, ырыс-бақ үйлеріңізге келіп қонсын! Ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

fpp.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!