Қадыр Мырза Әлі мысалдары
Версия для слабовидящих
Присоединяйся:

Читаем

Қадыр Мырза Әлі мысалдары

7 мая, 21:41

 

Бауырлар

Үш-төрт кісінің құлашы жетпейтін жүз жылдық жуан еменді электр арасы ақыры кесіп тынған. Оның орнына жағалай отырған он шақты адым сиятын дөңгелек үстелдей түбір ғана қалды. Ойда-жоқта сол алып түбірдің балақ тұсынан балапан бұтақ пайда болып кәрі түбір ертелі-кеш сол жас ұрпағына іргелес өсіп тұрған балапан қайыңға күндіз-түні сыр шертеді.

– Біз бір кезде бір өскен ата едік. Бүгін туған бауырлардың біразы Қазақстанның бұрыш-бұрышында түрлі қызыметте жүр. Бірі – есік, бірі –... дей бергенде, түбірдің балақ тұсынан пайда болған балапан бұтақ – бір – балтаның сабы, – деді орта жолдан киліге кетіп. Бұл сөз түбірге ұнамады.

– Қойшы соны, ол бір шіріген жұмыртқа. Күн көре алмай көлеңкеде құса боп өскен қисық бұтақ еді, ақыры өшін бізден алып тынды. Балтаға сап болуы мұң екен, ағайын танудан қалды. Ауылды жерде қазық боп ұстайтын бір бауыр бар еді, бүгін де соның төбесіне ойнайтын көрінеді...! Одан арғсын айта алмай кәрі түбір кеңкілдеп жылап жіберді...

 

Дөңгелек пен доға

– Мен дөңгелектің баласымын, – деді сол дөңгелектің жартысындай ғана доға. Баласы осындай болса, немересі мен шөбересі қандай болар екен ертең!

Азып бара жатқан бүтін дүние-ай!

 

Түймелер

Қусырынғанда мешпеттің екі өңірін ұштастырып тұратын екі үлкен түйме бар, оның қарсысына әдемілік үшін екі үлкен түйме қадалған. Әр жеңге үш-үштен алты түйме қадалған. Қысқасы жұмыс істейтін екі түйменің қасында түк бітірмейтін сегіз түйме бар.

Арам тамақтар қай жерде де толып жүр!

 

Айна мен әйнек

– Айна арам ғой, – деді әлденеге ашуланған әйнек.

– Біздің бер жағымыздан қарағанда аржағымыз түгел көрінеді, ал айнаның ар жағында не жатқанын кім білсін. Арам ғой, арам.

 

Таразы

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған боларсыз... Маған бір келі ет өлшеп жіберіңіз дейсіз өзіңізге ұнаған майлы жамбасты не бел омыртқаны нұсқап. Сатушы сіз нұсқаған етті сылқ еткізіп таразыға тастай салды. Таразының тілдері ары-бері теңселіп біраз уақыт өз-өзіне келе алмай тұрады, дәл болу, әділ болу оңай дейсіз бе?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

другие статьи