Мектеп тақтасы неге жасыл?
Присоединяйся:

Полезно знать

Мектеп тақтасы неге жасыл?

8 мая, 22:30

 

Сынып тақтасы – заманауи білім беру мекемелерінің сәні. Сонау 19 ғасырда пайда болған. Мұғалім сабақ түсіндіру үшін әрбір оқушының жанына бармай, ортада тұрып-ақ түсіндіре береді.   

Тақта алғашында ағаш пен тақтастан жасалған. Әсіресе, ағаштан жасау арзан болғандықтан, ағаш тақталар көп болатын.

Кейін өндіріс дамып,тақталар пластик пен металдан жасалатын болды. Металдан жасалған тақтаға оқу құралдарын іліп қою ыңғайлы еді, өйткені магнит жақсы жабысатын. Басында металл тақталарға ақ бормен жазу ыңғайлы болсын деп, бетіне қара барқыт бояу жағылатын.

 

 

Алайда өндіріс пен дәуір бір орында тұра ма?

ХХ ғасырдың ортасында психология ғылымы жасыл түстің адам көзіне әлдеқайда ыңғайлы, жұмсақ екеніне көз жеткізді. Қошқыл жасыл түсті тақталарды сынап көрген мұғалімдер де мұның көзге жеңіл, жазғанға оңай, күнмен келісті екенін байқады. Ашық күнге шағылыспай жылы көрінеді.

Жасыл тақтаны алғаш АҚШ елі қолдана бастады. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап. Одан кейін Еуропа өтті. Ал кеңес елдеріне бұл тақта 60-жылдардың соңына қарай келді.

Қазір қара тақтаны кездестіру қиын. Күн сәулесі түскен кезде қара тақтадағы жазу көрінбей қалады. Сондықтан оны көбі қолданғысы келмейді.

другие статьи