Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Қазақ халқының ырымдары

1 октября, 6:50

1. Бос бесікті тербетпе.

2 Бесікті ашық қалдырма.

3. Кісіге қарап керілме.

4. Беліңді босқа буынба.

5. Бас киімді теріс киме.

6. Таңдайыңды қақпа.

7. Аяқ киімді жоғары көтерме.

8. Түнде суға барсаң, кесек таста­май өтпе.

9. Кешқұрым күл шығарма.

10. Жақыныңнан ине, пышақ алма.

11. Жуған қолыңды сілкіме.

12. Кірдің суын жолға төкпе.

13. Батар күнмен таласып ұйықтама.

14. Түнде тырнақ алма.

15. Жүрер жолыңды кесіп айтпа.

16. Итті теппе.

17. Бас киімді жерге тастама.

18. Адамды санама.

19. Адамға, тамаққа қарай түшкірме.

20. Бас киімді лақтырып ойнама.

21. Күлді баспа.

22. Табалдырыққа тұрма.

23. Үлкен адамның алдында аяғыңды жинап отыр.

24. Сүтті жерге төкпе.

25. Ұйықтар алдында «Біссіміллә-рахман- рахим» деп толық айт.

26. Жастықты аяқпен баспа.

27. Адамды айналма.

28. Айнаны бекерден-бекер сын­дырма.

29. Қолыңды, саусағыңды аузыңа салма.

30. Үйге қарай тұра жүгірме.

31. Түнде ысқырма.

32. Құбыланы қолмен көрсетпе.

33. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.

34. Жағыңды таянба.

35. Тізеңді тартпа.

36. Құмырсқаның илеуін бұзба.

37. Бүйіріңді таянба.

38. Үлкен адамның бас киімін, жағасын баспа.

39. Шәугім, шәйнектің шүмегін есікке қаратып қойма.

40. Адамға пышақ, мылтық оқтама.

41. Сыпырғышты тұрғызып қойма.

42. Малды теппе.

43. Кісіге қарап бейберекет күлме.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!