Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Ұстаз туралы қанатты сөздер

29 февраля, 9:14

 

Мектепті екінші үй десек, ұстазды анамыз дейміз. Ұстаз бола білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алыптың да, дананың да ұстазы болған. Ендеше, бүгін ұлы тұлғалардың ұстаз туралы айтқан қанатты сөздерін ұсынамыз.

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балаға. (Абай Құнанбайұлы)


Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді. (Адольф Дистервег)

…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады. (Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани) 

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек. (В. Маяковский)

Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.(В.О.Ключевский)

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.(Ы.Алтынсарин)

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. (Абай Құнанбайұлы) Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. (К.Д.Ушинский)

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. (Александр Македонский)

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. (К.Д.Ушинский)

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.(Ж.Баласағұн) Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. (Сенека)

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. (Әл-Фараби)

Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.(Абай Құнанбаев)

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.(Мұхтар Әуезов) Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.(Ғабит Мүсірепов)

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.(Мәлік Ғабдуллин)

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.(Серке Қожамқұлов)

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.(К.Д.Ушинский)

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.(Ыбырай Жақаев)

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.(Л.Н.Толстой)

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.(Ахмет Байтұрсынов)

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына( үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.(Мағжан Жұмабаев)

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.(Ж.Ж.Руссо)

Ұстаз – ұлы есім(М.Әуезов)

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.(К.Д.Ушинский) Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. (В.А.Сухомлинский)

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.(Ы.Алтынсарин)

Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады.(Уильям Уорд)

Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель.(Александр Македонский)

Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет.(Бауыржан Момышұлы)

 

Мектеп- кеме,білім теңіз. (Қасым Аманжолов)

Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.(Әбділда Тәжібаев)

Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім. (Сәбит Мұқанов)

Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды. (Платон)

Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық. (Платон)

Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады.(Халық даналығы)

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін:балалардағы білімге деген талап,ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.(В.А.Сухомлинский)

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. (К.Д.Ушинский)

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. (Л.Н.Толстой)

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды. (А.П.Чехов)

Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл.

Шәкіртсіз ғалым-тұл (Абай)


Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі. (В.О.Ключевский)

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды. (Демокрит)

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады. (Цицерон)

Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас. (Боэций)

Дереккөз: massaget.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!