Читаем
Қу түлкі ертегісі
26 июля, 14:44Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
другие статьи
-
Фонд развития гос. языка презентовал свои проекты в Москве
24 апреля, 9:25 -
Келіңіз, ән шырқайық! Часть 3
15 ноября, 11:00 -
ҚАЗАҚТЫҢ АДАМТАНУ ІЛІМІ
8 августа, 22:03 -
Маулен Ашимбаев избран председателем Сената
4 мая, 16:29 -
Как интегрировать языки в школьные предметы: исследование докторанта НУ
12 сентября, 20:34 -
В СПРАВОЧНОМ БЮРО / АНЫҚТАМА БЮРОСЫНДА
9 сентября, 20:17