МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ
Версия для слабовидящих
Присоединяйся:

Полезно знать

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ

19 августа, 17:02

 

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткерi, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi.

Ол Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аяққараған деген жерде дуниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған соң, атасы Әуездiң тәрбиесiнде болады. Ол  болашақ жазушының сауатын ашып, әдебиетке деген қызығушылығын оятады.

Алғашында ауыл мектебiнде оқып, кейiн 1908 жылы Семейдегi Камалиддин хазiрет медресесiнде оқиды. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс-қазақ училищесiне оқуға түсiп, соңғы класын оқып жүрiп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Семейде «Алаш жастары» одағын құрады. 1924-1925 жылдары Семей қаласындағы мұғалiмдер техникумында оқытушы болып жұмыс iстеп жүрiп «Таң» журналын шығарады.

Мұхтар Әуезов алғашқы жазушылық қадамын драматургия жанрынан бастаған. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесi болып сайланады. «Қыр суреттерi», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Жетiм», «Заман еркесi» әңгiмелерi, «Еңлiк-Кебек», «Хан Кене», «Түнгi сарын», «Қарагөз», «Бәйбiше-тоқал» т.б атты пьесалардың авторы.

Әуезовтың қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетiнiң таңдаулы туындыларының бiрi.  

М.Әуезов 1961 жылы жиырма жетiншi маусымда Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болады.

другие статьи