Полезно знать
Бүгін Дүниежүзілік пошта күні
9 октября, 12:141957 жылы болған бүкілдүниежүзілік пошта одағының 14-ші конгресінің шешімі бойынша, 1874 жылы пошта одағының құрылған күніне орай атап өтілетін болған.
Қазақстанда ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верныйда (Алматы қаласы) ашылды, ол көп ұзамай пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды.
1883 жылы оған 14 пошталық байланыс бөлімшесі бағынатын болған. Ал, Бүкіләлемдік пошта одағына мүше болып, 1992 жылы 27 тамызда кірді.✅Айта кетелік, «Қазпочта» АҚ — кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
Пошта маркасы — пошталық жөнелтілімдердің жіберілу, тасымалдау, табыс ету ақыларының төленгенін білдіретін белгі.
Пошта мекемелері шығарады. Коллекция ретінде жинау объектісі болып табылады.
Жыл сайын, түрлі мерекелер қарсаңында немесе айтулы даталарға байланысты пошта маркалары жаңарып тұрады.
Назарларыңызға KAZPOST маркаларын ұсынамыз:
другие статьи
-
МІНЕЗ ДЕГЕН НЕ?
22 июля, 13:07 -
В Казахстане празднуют день семьи
13 сентября, 16:38 -
Умляут способствует гармонии казахской речи
2 апреля, 18:30 -
АЙДАР, ТҰЛЫМ, КЕКІЛ, КЕЖІМ АТТАРЫ ЖАЙЛЫ
4 мая, 16:41 -
Қазақтар қашан қазақша сөйлейді?
1 июня, 12:54 -
15 ТАМЫЗ - АРХЕОЛОГИЯ КҮНІ
15 августа, 14:48