Жел атаулары
Версия для слабовидящих
Присоединяйся:

Читаем

Жел атаулары

9 октября, 22:24

Қағу – салқын жел түрі. Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран. Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран. Азынау жел – гуілдеп соққан аңқыма жел. Аңызғақ жел – жазғытұры тым жылы әрі құрғақ жел. Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел. Баяу жел – лебі бәсең жел. Боранды жел – қарды бұрқыратып ұйтқып соғатын ысқырық жел. Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма жел. Бұрқасын – жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел. Дауыл – шаңдатқан, борандатқан, алай-дүлей осқырған жел. Жайдақ жел – жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел. Жатаған жел – төмен, жер бауырлап ескен жел. Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран. Жаяу борасын – жаяу бораннан ақырынырақ соғатын жел. Желең жел – сәл-пәл соғатын жел. Желемік – әлсіз жел. Мұны өлкек, ексім деп те айтады. Желкем – желтең жел. Жеңіл жел – солғын жел. Жоғары жел – биіктен үйірген жел. Ебі  жел – шығыстан соғатын жел. Ебі – қара ебі және ақ ебі болып бөлінеді. Қара ебі жазда, жер қарада, ақ ебі қыста қар ұшырып соғады. Ескек жел – есе соққан жел. Еспе жел – желпінді еспек жел. Зулама жел – іркілмей соғатын екпінді жел. Керімсал жел – шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел. Көк дауыл – аязды қарлы боран. Көлденең жел – кесе көлбеу жел. Қайтыс жел – қарқыны басылған жел. Қара дауыл – шаң-топырақты көтерген сойқанды жел. Қара жел – бұлтты күнгі ызғарлы жел. Қарыма жал – бет қаритын өткір жел. Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел. Қарсы жел – жүріс бағытқа қарсы соғатын жел. Қоңыр жел – майда самал жел. Қума жел – қуалай соғатын жел. Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел. Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел. Майда жел – жұмсақ самал. Мырза жел – жанға жайлы қоңыр жел. Өкпек жел – көбіне көктемде соғатын ызғырық жел. Өксік жел – ышқынған қатты жел. Өтпе жел – бір бөлменің қарсы қабырғаларындағы ашық терезеден ерсілі-қарсылы ескен жел. Сақаусыраған жел – қарқыны бәсеңдеген жел. Салқын жел – ызғарлы күзгі жел. Самал жел – қоңыр салқын майда жел. Сары жел – тынымсыз соққан жел. Саумал жел – айналып соққан қайталама жел. Тас боран – тас, топырақ суырып соққан қайталама жел. Тау желі – таң аңғарынан ескен жел. Тентек жел – ала құйын есер жел. Теңіз желі – теңізден ескен жел. Теріскей жел – терістіктен ескен салқын жел. Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел. Үскірік жел – күзгі, қысқа құрғақ, суық жел. Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел. Ықтырма жел – адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел. Ыстық жел – аптап жел.
 
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

другие статьи