«INTELLECTUALDY ULT» ЖОБАСЫ ҚАНДАЙ ЖОБА?
Версия для слабовидящих
Присоединяйся:

Новости и объявления

«INTELLECTUALDY ULT» ЖОБАСЫ ҚАНДАЙ ЖОБА?

13 октября, 15:53

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жанар Бектаева мен «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың қатысуымен жалпыұлттық жоба бойынша брифинг өтті. 

Баспасөз мәжілісінде Жанар Әлібекқызы «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының мақсаты жайында сөз қозғады.

«Бұл жобаның мақсаты жастарды зияткерлік спорт түріне баулу. Шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойындары арқылы жастардың ойлау қабілетін арттырып, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ғылымда: «Адам ойлау жүйесінің 30-ақ пайызын қолданады. Ал қалғаны жұмыс істету арқылы дамиды» деген қағида бар. Сол себепті жас буынның дұрыс ойлауын дамытуымыз керек. Мәселен, бүгінде жасөспірімдер жеңіл ойындарға құмар. Жастардың бойына жетпей жатқан кейбір қасиетті дамыту мақсатында бұл жобаны қолға алдық», - деді басқарма басшысы.

Брифинг барысында аталған жобаның жанашыры әрі жүзеге асырушысы Балтабек Түйетаев байқау жайында сөз қозғады.

«Бұл жоба аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы өтеді. Ол 15 қазан күні басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге. Сайыс жас ерекшеліктерге бөлінген. Олар – оқушылар, ересектер және ардагерлер. Бұл интеллектуалды ойындар ақыл-ой тәрбиесіне, жеке адамды қалыптастыруға ерекше ықпал етеді», - деді Балтабек Исақұлы.

Айта кетейік, байқауда кәсіби мамандар төрешілік етеді.

Ruh.kz

другие статьи