Слабовидящим
Поиск

Говорим (аудио разговорники)

ПОКУПКА ПРОДУКТОВ / АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛУ

3 октября, 15:19

pokupkaedi.mp3


ПОКУПКА ЕДЫ  /  АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛУ 

хлеб

нан

мука

ұн

масло

май

растительное масло

өсімдік майы

сахар

қант

соль

тұз

специй

дәмдеуіштер

консервированный

консервіленген

очищенные

тазартылған

Нет ли здесь поблизости ...

... продуктового магазина?

... торгового центра?

... рынка?

... супермаркета?

– Бұл маңайда ... жоқ па?

... азық-түлік дүкені...

... сауда орталығы...

... базар...

... супермаркет...

Когда открывается (закрывается) этот магазин?

– Бұл дүкен қашан ашылады (жабылады)?

У вас нет обеденного перерыва?

– Сіздерде түскі үзіліс бар ма?

Нет, мы работаем без перерыва

– Жоқ, біз үзіліссіз жұмыс істейміз

Мы закрываем в час и открываем в пятнадцать часов

– Біз сағат бірде жауып, сағат үште ашамыз

Мне, пожалуйста, булку хлеба.

– Маған бір бөлке нан беріңізші.

Это свежий хлеб?

– Бұл бүгінгі нан ба?

Да, сегодня утром привезли

– Иә, бүгін таңертең әкелген

Есть ли булочки с маком, с яблочной начинкой?

– Көкнар, алма қосылған тоқаштар бар ма?

Сколько это стоит?

– Бұл қанша тұрады?

Где можно купить кефир?

–Айранды қайдан сатып алуға болады?

Дайте, пожалуйста, пачку чая (сахара, соли), пакет молока (кефира), десяток яйц и два лимона.

– Маған бір қорап шай (қант, тұз), бір пакет сүт (айран), он жұмыртқа, екі лимон беріңізші.

Есть ли у вас вишневое варенье?

– Сіздерде шие тосабы бар ма?

У вас есть  мука высшего/ первого сорта?

– Сіздерде жоғары /бірінші сұрыпты ұн бар ма?

Да, есть, фасованная (развесная).

– Иә, қағаз қалтаға салынған (өлшеме) ұн бар.

Сколько стоит килограмм риса «Ақ маржан»?

– «Ақ маржан» күрішінің бір келісі қанша тұрады?

Взвесьте мне, пожалуйста, два килограмма риса.

– Маған екі келі күріш өлшеңізші.

Дайте мне спагетти.

– Маған спагетти беріңізші.

У Вас есть овсяные хлопья?

– Сіздерде сұлы үлпегі бар ма?

Да, в коробках по пятьсот грамм.

– Иә, бес жүз грамдық қораптарда.

Положите мне в пакет две пачки сочни.

– Пакетке екі жайма нан салып беріңізші.

У Вас есть лапша быстрого приготовления?

– Сіздерде тез пісетін кеспе бар ма?

Мне нужны макароны «Султан».

– Маған «Сұлтан» макароны керек еді.

Какие у вас есть конфеты?

– Сіздерде қандай кәмпиттер бар?

Есть плиточный шоколад «Казахстан».

– «Қазақстан» плиткалы шоколады бар.

Развесные шоколадные конфеты «Каракум», «Ажар», «Рахат» по цене 600 тенге.

– 600 теңгеден «Қарақұм», «Ажар», «Рахат» өлшеме шоколадтары бар.

Мне пол килограмма шоколадных конфет и триста грамм печенья «Алатау».

– Маған жарты келі шоколад және «Алатау» печеньесінен үш жүз грамм өлшеңізші.

Сколько стоит овсяное печенье?

– Сұлы печеньесі қанша тұрады?

Килограмм двести тенге.

– Бір келісі екі жүз теңге.

Сколько с меня?

– Қанша төлеуім керек?

Где можно заплатить за покупку?

– Ақшаны қайда төлеуге болады?

Где находится касса?

– Касса қай жерде?

Платить вам или в кассу?

– Сізге төлейін бе, әлде кассаға ма?

Заверните все вместе, пожалуйста.

– Бәрін қосып орап беріңізші.

Спасибо Вам!

– Рахмет сізге!

А где можно купить торт?

– Тортты қайдан сатып алуға болады?

Какие торты у Вас есть?

– Сіздерде қандай торттар бар?

Есть торты «Айналайын», «Астана», «Сказка».

– «Айналайын», «Астана», «Ертегі» торттары бар.

Что это за торт?

– Бұл қандай торт?

Какой торт вам взвесить: большой, средний или маленький?

– Сізге қандай торт өлшейін: үлкенін, орташасын, әлде кішісін?

Пройдите в кулинарный отдел

– Аспаздық бөліміне өтіңіз.

У Вас не найдется двадцать тенге?

– Сізде жиырма теңге бар ма?

Нет, у меня нет мелочи

– Жоқ, менде уақ ақша жоқ

КУЛИНАРНЫЙ ОТДЕЛ  /  АСПАЗДЫҚ БӨЛІМ

жареный

қуырылған

готовый

дайын

дрожжевой

ашытқы қосылған

пельмени

түшпара

самса тандырная

тандыр самсасы

В какую цену жареные куры?

– Қуырылған тауықтың бағасы қанша?

Куры гриль стоят триста тенге.

– Қақтап қуырылған тауық үш жүз теңгеден.

У Вас есть готовые пельмени?

– Дайын түшпара бар ма?

Сколько стоят пельмени из говяжьего фарша?

– Сиыр етінен жасалған түшпара қанша тұрады? 

Взвесьте, пожалуйста, свекольный салат.

– Қызылша салатын өлшеп беріңізші.

Сколько граммов?

– Қанша грамм өлшейін?

Мне на две порции.

– Маған екі адамға.

Это будет тристо граммов.

– Бұл үш жүз грамм болады.

Вы продаете готовую лагманную лапшу?

– Сіздер дайын лағман кеспесін сатасыздар ма?

Сколько стоит самса?

– Самса қанша тұрады?

Напитки / Сусындар

газированный

газдалған

зеленый чай

көк шай

питьевая вода

ауыз су

кумыс

қымыз

шубат

шұбат

Какие соки у Вас есть?

– Сіздерде қандай шырындар бар?

В продаже есть яблочный (виноградный, томатный) сок в тетрапакетах.

– Тетрақаптағы алма (жүзім, томат) шырындары бар.

Дайте мне, пожалуйста, литр кумыса и два литра шубата

– Маған бір литр қымыз және екі литр шұбат беріңізші.

Дайте мне, пожалуйста, зеленый чай

- Маған көк шай беріңізші

Кумыс полезен как лечебный напиток.

– Қымыз емдік қасиеті бар сусын.

Шубат – высокопитательный напиток, богатый ценными витаминами.

– Шұбат – пайдалы дәрумендерге бай, құнарлылығы жоғары сусын.

У Вас есть минеральная вода «Сарыагаш»?

– Сіздерде «Сарыағаш» минералды суы бар ма?

Вам газированную или негазированную?

– Сізге газдалғаны ма, әлде газдалмағаны ма?

Мне нужна негазированная.

– Маған газдалмағаны керек. 

Пожалуйста, дайте бутылку напитка из холодильника.

– Өтінемін, тоңазытқышта тұрған сусыннан бір бөтелке беріңізші.

У Вас нет питьевой воды?

–  Сізде ауыз суы бар ма?

МЯСНОЙ, РЫБНЫЙ ОТДЕЛ  /  ЕТ, БАЛЫҚ БӨЛІМІ

конина

жылқы еті

баранина

қой еті

говядина

сиыр еті

телятина

бұзау еті

филейная часть

сүбе бөлігі

грудинка

төс ет

фарш

тартылған ет

потрошенный

ішек-қарны тазаланған

куриные крылышки

тауық қанаттары

утка

үйрек

печень

бауыр

легкие

өкпе

язык

тіл

три кусочка говяжьей печенки

сиыр бауырының үш кесегі

Мне хотелось бы купить мясо.

– Мен ет алайын деп едім.

У Вас есть баранина (говядина)?

– Сіздерде қой (сиыр) еті бар ма?

Сколько килограмм Вам взвесить?

– Сізге қанша келі өлшейін?

Какого мяса Вам взвесить (грудинки, окорока)?

– Сізге қандай ет (төс ет, сан ет) өлшейін?

Не хотите конину?

– Жылқы етін алмайсыз ба?

Вам взвесить шужук (казы, жал, жая)?

– Сізге шұжық (қазы, жал, жая) өлшейін бе?

Это не жирная (жирная) казы.

– Бұл майсыз (майлы) қазы.

Сколько будет стоит одна палка казы?

– Бір қазы қанша тұрады?

Какой колбасы Вам взвесить (копченой или полукопченой, вареной)?

– Сізге қандай (ысталған, шала ысталған, қайнатылған) шұжық өлшейін?

Купите рыбное филе.

– Балықтың жон етін алыңыз.

У Вас есть расфасованная по одному килограмму копченая (сушеная) рыба?  

– Сіздерде бір келіден өлшеніп оралған ысталған (кептірілген) балық бар ма?

Свежая рыба продается в соседнем отделе

– Тірі балық келесі бөлімде сатылады.

Мне нужна малосоленая маринованная селедка.

– Маған аз тұздалған маринадтағы майшабақ керек еді.

К сожалению, осталась только соленая.

– Өкінішке орай, тек тұздалғаны қалды.

У Вас есть красная икра?

– Сіздерде қызыл уылдырық бар ма?

Дайте мне, пожалуйста, баночку морской капусты.

– Маған бір қалбыр теңіз капустасын беріңізші.

 ОТДЕЛ МОЛОЧНОЙ ПРОДУКЦИЙ  /  СҮТ ӨНІМДЕРІ БӨЛІМІ

молоко

сүт

сливки

кілегей

сметана

қаймақ

творог

ірімшік

плавленый

ерітілген

топленый

қайнатылған, қайырылған

прохладительный напиток

салқындатылған сусын

фруктово-ягодный

жеміс-жидекті

Где находится молочный отдел?

– Сүт сататын бөлім қайда (қай жерде) екен?

Дайте, пожалуйста, две бутылки сливок, пакет кефира и килограмм творога.

– Маған екі шыны кілегей, бір пакет айран, бір килограмм сүзбе беріңізші.

Это нежирный творог?

– Бұл майсыз сүзбе ме?

В продаже имеется крестьянское (шоколадное) сливочное масло.

– Бізде шаруа сары майы (шоколадты сары май) бар?

У Вас есть йогурт?

– Йогурт бар ма?

Да, какой вам нужен?

– Иә, Сізге қандайы керек?

У нас есть йогуртный напиток.

– Бізде йогурт сусыны бар.

Купите кефир, изготовленный по домашней технологии.

– Үйдің айраны секілді ұйытылған айран алыңыз.

Дайте мне, пожалуйста, пакет топленого молока.

– Маған бір пакет қайнатылған сүт беріңізші.

У нас вы можете купить топленое сливочное масло.

– Бізден қайырылған сары май сатып алуға болады.

Где можно купить рафинированное (не рафинированное) подсолнечное масло?

– Тазартылған (тазартылмаған) күнбағыс майын қай бөлімнен сатып алуға болады?

Купите подсолнечное (хлопковое, соевое) масло.

– Күнбағыс (мақта, соя) майын алыңыз.

Какие сорта сыра у Вас есть?

– Сіздерде ірімшіктің қандай түрлері бар?

Есть голландский, запотелый, овечий, пресный, плавленый и степной.

– Голланд, суланған, қой, сары, ерітілген және дала ірімшіктері бар.

Сколько стоит брынза?

Тұзсүзбе қанша тұрады?

Килограмм брынзы стоит пятьсот тенге.

– Тұзсүзбенің бір келісі бес жүз теңге тұрады.

У Вас есть молоко и сливки?

– Сіздерде сүт пен кілегей бар ма?

Сколько стоит пакет (бутылка) молока?

– Сүттің бір пакеті (бөтелкесі) қанша тұрады?

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!