Слабовидящим
Поиск

Пишем

Сөздік:«solution» немесе «decision»

5 ноября, 6:10

Solution – [səˈluːʃən] / [со'л'ююшен] – шешім, тоқтам. (хим. ерітінді)

Қолданылуы: «solution» сөзін мәселеге не қандай да бір міндетке (шаруаға) дұрыс жауап бергенде қолданамыз.

 

Мысалы:

The problem has a unique solution. – Мәселенің бір ғана(жалғыз) шешімі бар.

There's no solution to this problem. – Бұл шаруаның шешімі жоқ.

I will come up with a solution to the problem. – Мен бұл мәселенің шешімін табамын.

There couldn’t be a more ideal solution than that. – Бұдан артық қонымда жауап болмайды.

Surgery is the best solution in this situation. – Операциям– бұл жағдайдағы ең дұрыс тоқтам.

«Band-aid solution» – бір шаруаның (мәселенің) уақытша шешімі.

living in an apartment is our band-aid solution. – Бұл уақытта пәтерде тұру біздің уақытша шешіміміз.

best solution – жақсы жауап,final solution – ақырғы жауап, aqueous solution – сулы ерітінді, complete solution – толық ерітінді.

 

 

Decision –  [dɪˈsɪʒən] / [ди'с'ижэн] –  шешім, тоқтам.

Қолданылуы: «decision» сөзі –  ойланып, талқылап болғаннан кейін қабылданатын шешім немесе таңдау.

 

Мысалы:

Have you made a decision? –  Сіз шешім қабылдадыңыз ба?

I need to think about it. It's a big decision. – Маған бұл туралы ойлану қажет. Бұл өте салмақты жауап.

All of us had a share in making the decision. – Бұл шешімді қабылдауға барлығымыз қатыстық.

Can you hurry the decision along? – Тездетіп шешім қабылдай аласыз ба?

I made a wrong decision. – Мен қате жауап таңдадым.

To make a decision. – Шешім қабылдау.

 

Автор: Алия Бекенова

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!