Слабовидящим
Поиск

Читаем

Піл мен әтеш (Абазин ертегісі)

12 ноября, 20:00

 

Ертеде бір піл жерден дән шоқып жүрген әтешті көреді. Бақылап біраз тұрады да:

— Кел, екеуміз тамақ жеуден жарысайық. Қайсымыз көп жесек, сол жеңімпаз болсын, — дейді.

Әтеш:

— Қо-қо-қоқ! Айтқаныңа құлдық, — деп келісе кетеді.

Сөйтіп екеуі тамақ жеуге кіріседі. Піл айналадағы шөпті опырып жеп, қарнын әбден тойдырып, ұйықтап қалады. Бір кезде көзін ашса, әтеш әлі жер шоқып, дән теріп жүр екен.

«Әй, мынау тойымсыздың нақ өзі ғой! Менен бұрын тамақ жеп жүр еді, әлі қоймапты. Бұл не деген қомағайлық?!» деп піл аң-таң болады.Пілдің абыржып қалғанын әтеш байқай қояды да:

— Қо-қо-қоқ! Мен жеңдім! Мен бәрінен мықтымын! — деп мойнын созып, масаттана шақырады.

Бір кезде ол қанатын қағып-қағып жіберіп, пілдің үстіне бір-ақ шығады.

Піл қатты қорқып кетеді.

— Жемеші мені! Аяшы бір жолға! — деп жалына бастайды.

— Онда жеңілгеніңді мойында! — дейді әтеш.

Піл:

— Мойындаймын! Жеңілдім! — деп орманға қарай тапырақтап қаша жөнеледі.

Ал әтеш жерге қарғып түсіп, пілді қорқытқанына көңілі масайрап, жан-жағына қоқиланып қарай беріпті.

другие статьи

Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!