М. Твеннің бұл классикалық туындысында Г. Финнің басынан кешкен
қызықты оқиғалары баяндалады. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы.
Америка  құл  иеленуші  мемлекет  болғаны  тарихтан  белгілі.  Зәңгілер,
сондай-ақ  аралас  қаннан  жаралғандар  ақ  адамдардың  бөркі,  көйлегі
секілді меншікті затымен бірдей болған. Бұл жағдай озық ойлы, рухани
таза жанды зиялы азаматтарды, оның ішінде ақын-жазушыларды қатты
толғандырды.  Міне,  бұл  қатарда  М.Твен  де  бар  еді.  Оның  біраз
шығармасында адам баласының тарихындағы барып тұрған ең сұмпайы
құбылыс – құлдық трагедиясы аса шеберлікпен суреттеледі.
Библиотека
 
                