Новости и объявления
Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі қандай?
3 июня, 12:22
Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Биылғы жылы ҰБТ-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі.
Тест тапсырмаларының саны – 120.
Ең жоғары балл – 140.
Жаңашылдықтар:
Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
Шекті балл жинамағандарға ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі;
Болашақ педагогтер үшін шекті балл - 70;
ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
Тестілеу уақыты 4 сағатқа созылады.
другие статьи
-
Тіл сырына саяхат. Артық болмас, білгенің…
11 декабря, 3:04 -
Конкурс эссе к юбилею аль-Фараби провели в Туркестанской области
23 декабря, 20:40 -
Cерікбол Қондыбай. Қазақтың латындық әліпбиі жөнінде
3 июня, 12:25 -
Қазақ сөзі. 900 сөз
27 августа, 21:48
