Слабовидящим
Поиск

Читаем

ЖЕЛДІҢ 34 ТҮРЛІ АТАУЫ БАР

25 мая, 10:08

 

Қолданыс аясы тарылған табиғи амалдарға қатысты сөздер 

 

Жел еспей, бұлт көшпейді деген мәтел бар-ды. Соңғы күндері «Құралайдың салқыны» соғып, алты ай қыстан шығып, жадыраған жазға енді жеттік пе деген көңілді сәл саябырлатып қойды. Жел туралы бастап едік қой?! Сонысына оралайық.

Тілімізде желге (жылдамдығы, қуатына) қатысты жүздеген, тіпті бірнеше жүздеген атау бар дейді зерттеушілер. Соның бірнешеуіне тоқталып, көмескіленіп бара жатқан атаулардың мағынасын аша түссек:

 

Дауыл – көбінде теңізде және теңіз жағалауларында соғатын, жылдамдығы 30 м/с-тан асатын аса жойқын жел.

 

Нөсерлі дауыл – нөсерлеп жауған жауынмен қатар соғатын боран.

 

Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.

 

Көк дауыл – аязды қарлы боран.

 

Боран –жылдамдығы 20 м/с-тан жоғары, өте қатты соғатын жел.

 

Арқаның ақбораны – Сарыарқада соғатын, ат құлағын көрсетпейтін ақ түтек боран.

 

Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран.

 

Ақтүтек – жауған қармен қабаттасып, ұйтқып соғатын боран.

 

Ноқай – көзді аштырмай, құйын тәрізді үйіріліп, үдеп соғатын боран. 

 

Бұрқасын – қармен қабаттасып, бет қаратпай долданып соққан боран.

 

Жаяу бұрқасын – бәсең соққан боран.

 

Ақборан – қарды ұшырып, жер әлемді ақ қармен тұмшалайтын боран.

 

Ақжорға – жердің бетімен қарды ұшырып ұйтқып соққан жел.

 

Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.

 

Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран.

 

Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел.

 

Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел.

 

Майда жел – жұмсақ самал.

 

Салқын жел – тым суық та, тым жылы да емес жел.

 

Суық жел – ызғарлы күзгі жел.

 

Қара жел – бұлтты күні соғатын ызғарлы, жауын-шашынсыз жел.

 

Қарыма жел – бет, құлақ ұшын қаритын өткір жел.

 

Үскірік жел – күзде, қыста соғатын құрғақ, суық жел.

 

Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел.

 

Аңызақ жел – жылы, ызғары жоқ, құрғақ жел.

 

Керімсал жел – шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел.

 

Теріскей жел – терістен ескен салқын жел.

 

Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғатын жел.

 

Ыстық жел – аптап жел.

 

Көктем самалы – жазғытұрым соғатын тым жылы әрі құрғақ жел.

 

Өкпек жел – жанға жайлы самал жел.

 

Ескек жел – есе соққан жел.

 

Жібек жел – салқын самал.

 

Желемік – әлсіз жел.

 

Ексім – өкпек, ызғарлы жел. Ексімнің негізгі мағынасы – өктемдік, қарқын, екпінді білдіреді.

 

Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.

 

Ебі – Жоңғар Алатауының шығысында болатын дауылды, қатты жел. Ол қара ебі және ақ ебі болып бөлінеді. Қара ебі жазда, жер қарада, ақ ебі қыста қар ұшырып соғады.

Сұлтан Мұстафин
Ruh.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!