Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

«Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

30 сентября, 19:27

 


Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен кітапханасы ұйымдастырған баспа және электрондық БАҚ қызметкерлері арасындағы жыл сайынғы халықаралық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасуда. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша өтетін бұл сайысқа қазір материалдар қабылданып жатыр.
Байқау бес номинация бойынша өтеді:
1) «Үздік телевизиялық материал»;
2) «Үздік радиоматериал»;
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым»;
5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».
Әрбір номинация жеңімпаздарына ақшалай жүлде, диплом және төсбелгі тапсырылады. Байқауға кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде қатыса алады.
Байқауға 2019 жылдың 10 қазаны мен 2020 жылдың 10 қазан аралығында ресми жарияланған (жарық көрген, эфирге шыққан, ғаламторда жарияланған) материалдар қабылданады.
Сайыс қорытындысын белгілі журналистер мен еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия шығарады. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Байқауға қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).
Байқау туралы толық ақпаратты www.presidentlibrary.kz және www.fnn.kz сайтынан біле аласыздар.

 

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!