Слабовидящим
Поиск

Библиотека

«Алаш»

2580 просмотр.

Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

А Ң Д А Т У

Ұлтымыздың ең ұлық мұраты – тәуелсіздік тұғырына қонғалы бері  халқымыз кешкен  тарихи оқиғаларға  және сол ел шежіресін жасауға ерен еңбек еткен, жұртын өрге тартқан  тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан баға беріле бастады. Соның табысты нәтижесі боларлықтай     тарихымыздың тынысын бағамдарлық татымды шаруалар атқарылуда. Мұндағы мақсат – бүгінгінің мұратын айқындау үшін, болашақтың баянды бейнесін жасау үшін кешегінің ақиқат баянын байыптау. Осы тұрғыдан келгенде, осы кітапқа еніп отырған «Алаш және Әуезов» атты конференцияда айтылған ойлар мен тұжырымдардың  да өрісті іске үлес болатынына сенім білдіреміз.  

Қазақтың сан ғасырлық тарихында саяси жолмен, өркениет өрендеріне  тән соқпақпен туған халқының азаттыққа жетуіне қам жасаған ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының қауымдасқан зор тарихи қызметі – «Алаш» партиясының, автономиясының құрылғанына 90 жыл және дүниенің төрт түкпіріне алаш ұрпағының, алаш данышпанының тағылымды ғұмырын паш еткен Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 110 жыл  толуына бағышталып отырған ғылыми мәслихаттың Отанымыздың бас қаласы – Астанада өтуінде тарихи жалғастық жатыр деп ойлаймын. Өйткені, Алаш азаматтары армандаған ұлы мұрат – қазақ тәуелсіздігі Алатаудың баурайында басталып, Арқа төсінде бірлік пен берекенің  ұйытқанына айналды.

ХХ ғасырдың басы қазақ тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі. Бұл кезең көне Түрік дәуіріндегі «мәңгі ел», Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінен кейінгі ұлттық сананың жоғары деңгейге көтерілген кезеңі болды. Алайда, әлемдік тұрғыдан қарағанда бұл кезең отаршылдардың күш алған, қазақ халқы тұтынып келген көшпенді өмір тәсілі тұйыққа тірелген тар кезең болатын. Сондықтан алаш қозғалысы өзінің көздеген мақсатына жете алмады. Дегенмен Алаш қайраткерлерінің  атқарған қызметі, алаш қозғалысының тарихи мәні зор еді.

 Астана Алаш рухына бөленіп, рухани серпін алды.  Елінің еркіндігі мен  халқының азаттығы үшін барша ғұмырларын арнаған Алаш қайраткерлерін еске түсіру, олардың өмірі мен шығармашылық мұрасынан тағылым алу, әсіресе, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру – баршамыздың парызымыз. Бұл Алаш қайраткерлеріне көрсетілген тағзым. Алаш рухын асқақтату, алаш қайраткерлерінің мұраларын зерттеу бізге және келешек ұрпаққа  керек ұлттық намысымызды жетілдіретін игі іс. Алдымызда Алаш идеясын ұлттық идеологиямыздың тарихи бастау көздерінің бірі ретінде қарастыру міндеті тұр. Бұл пікір – конференцияда жиі қайталанған ойлардың бірі болды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алаш қайраткерлерінің тарихи қызметіне зор баға бере келіп: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» - деп жазған еді. Бұл тарихи ақиқатты,  ғибраты мол тағылымды әрқашан жадымызда ұстап, тәуелсіздігіміздің рухани іргетасын берік етуде әрқайсымыз мақсатты қызмет етуге тиіспіз.

«Алаш және Әуезов» атты бұл халықаралық конференцияға Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген бірқатар белгілі тұлғалар қатысты. Атап айтқанда, бүгінгі қазақ ғылымының құрметті ақсақалдарының бірі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаев, алашшыл санаткер, Ұлттық ғылым академиясының академигі Рымғали Нұрғали, қазақтың бүгінгі рухани болмысын айғақтап жүрген, ана тіліміздің айбары Мұхтар Шаханов, Алаш қозғалысын ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеп келе жатқан «Алаш қозғалысы», «Ұлттық саяси элита» т.б. зерттеулердің авторы,  көрнекті ғалым, профессор Мәмбет Қойгелдиев, сонау Мюнхен қаласынан саналы ғұмырын Алаш мұрасын насихаттауға арнаған, қайраткер, ардагер Хасан Оралтай, дана Мұхтар  Әуезовтің ұлы белгілі ғалым, қаламгер Мұрат Әуезов, көрнекті жазушы, қазақ тілінің үлкен жанашыры Смағұл Елубай, мәскеулік ірі ғалым Николай Аркадьевич Анастасьев,  өзбекстандық белгілі ғалым, шетелдегі оқымысты қандасымыз Махамбет Жүсіпов, Башқұртстаннан келген ғалым ағайындар Заки Алибаев, Гүлнара Абдрафикова, және Алаш мұрасын, Әуезов шығармашылығын зерттеп жүрген танымал ғалымдар ойлы, тағылымды баяндамалар жасады. Бұл шынтуайтына келгенде, бүгінгі конференцияның  жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, Алаш қозғалысының қазақ тарихының бөлінбес  айрықша кезеңі болғандығын,   Алаш қайраткерлерінің біздің ұлттық мақтанышымыз екенін шет елдердің де танығанын байқатады.   Сонымен бірге,  бұл алқалы жиынға Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары мен туыстары да құрметпен  шақырылған. 

Конференцияның тақырыбы, қатысушылардың жоғары деңгейі - оның табысты өтетініне деген сенімімізді ақтады. Алаш тағылымы сарапталып, оның терең тамырлы идеялары зерделеніп  келеді. Бұл конференция осы ауқымды іске қосылған, өзіндік орны бар  ғылыми жиын. Белгілі дәрежеде Астанада өткізілген конференция - Алаш қозғалысын зерттеудің жаңа бағыты. Өйткені, осындай құрамда, ауқымда өткізіліп отырған алғашқы халықаралық ғылыми-теориялық конференция.

 

Е. Аманшаев 

Астана қаласы әкімінің орынбасары,

филология ғылымдарының кандидаты

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/book/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!