Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Халық ұғымындағы киелі және жағымсыз бейнелер

5 октября, 6:42

ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДАҒЫ КИЕЛІ БЕЙНЕЛЕР

 

Адам ата – адамзаттың түп атасы.

Хауа ана – адамзаттың түп анасы.

Періште – Құдайдың әмірін әлемге жеткізуші, табиғаттан тыс қанатты көмекшілер; пәктік ұғым.

Періште төртеу: 1. Жебірейіл – Алланың әмірімен жансыз жан салатын, тарыққанды демейтін періште.

                            2. Микаил - әлемдегі тәртіпті бақылаушы.

                            3. Исрафил – ақырзаман келуін жариялауға дайын тұрушы.

                            4. Әзрейіл – адам жанын алушы.

Пір – 1. Адамзатты қолдап-қорғаушы рух, адам табынатын, сыйынатын аруақ.

         2. Қасиетті дін басшыларына сыйынатын ұғым.

Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп-желеп, қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейне.

Қыдыр – ел аралап жүретін адам бейнелі әулие, адамға бақыт, ырыс, дәулет әкелуші.

Әулие – адам тағдырына игі ниет жасай алатын киелі жан, бейне.

Әулие-әмбие – қасиетті киелі жандар, пайғамбарлар, шадиярлар.

Саруар-пір, қожа, ие, жолбастаушы, көсем.

Пірадар – тақуа діндар адам, сопы.

Дәруіш – дүние қызығынан безген діндар.

Диуана (дуана) – ырзығын көптеп тілеп, кәсіпсіз қаңғырған діндар, тақуа.

Шайқы – 1. ел, халықты күлкіге қарық қылып, көңіл көтеруші кезбе.

               2. Киелі адам.

 

 

ХАЛЫҚ ҰҒЫМЫНДАҒЫ ЖАҒЫМСЫЗ БЕЙНЕЛЕР


Шайтан - әртүрлі бейнеде көрінетін, адамды азғырып, ақ жолдан тайдыруға және күнәға батыруға әрекет жасаушы құбыжық.

Малғұн – шайтанның бір түрі, опасыздық бейнесі.

Пері – аспанда және су ішінде жүретін жамандық пен зұлымдық күш иесі. Негізінде қыз, әйел бейнесінде көрінеді.

Перизат – періден туған, пері тектес бейне.

Жын-пері – жын мен пері жиынтығы.

Жын – бақсы - балгерлерге, диуаналарға қызмет ететін, көзге көрінбейтін зиянды мақұлық. Бақсылар жынды шақыра да, аластай да алады.

Әзәзіл – адамды бір-біріне айдап салып, өзара жауықтыратын шайтан.

Ібіліс – адамды пәле, күнә жасауға азғырушы пері.

Әбілет – адамды қылғындырып тұншықтыратын кесапат.

Сұқ – адамға көз, тіл тигізер қарау бейне.

Шимұрын – адамды жүріп келе жатқан жолынан адастырып, батпаққа батырып өлтіретін шайтанның бір түрі.

Жезтырнақ – ұзын, өткір жез тырнақтарын адамға қадап, кісі өлтіретін әйел бейнесіндегі залым.

Дәу – ересен зор қара күш иесі.

Дию – алып тұлғалы сиқырлы, кесір бейне.

Мыстан кемпір – аузы опырайған, шашы жалбыраған, мүсәпір кемпір бейнелі озбыр, көбінесе дәудің шешесі ретінде көрінеді.

Албасты - әйел бейнесіндегі қас кұш. Босанар не босанған әйелдің өкпесін ұрлап, тұшықтырушы; әбілет.

Қара албасты – албастылардың ең мықтысы.

Марту – толғатқан әйелдердің жанын қинайтын жын.

Үббе – атын атап адамды алдап шақырып, су түбіне тартып әкететін су перісі.

Жылбысқа – түрі адамға да, хайуанға да ұқсамайтын, денесі дымқыл түкті орман пәлесі.

Бәдік – үйдің шаңырағына қонып, босағасын аңдитын қорқақ, әлжуаз, жалқау бейне; ауру иесі.

Күләпсан – бәдіктің бір түрі.

Монтаны – адам айкезбе (лунатик) болғанда жетектеп кететін жын-пері.

Пәдәуін – ұрланған затты табуға көмектесетін жын-пері.

Күлдіргіш – адамды қытықтап, ішек-сілесін қатырып күлдіріп өлтіретін қыз бейнелі пері, жын.

Жалмауыз – ашкөз, тойымсыз тажал.

Көлжұтар – көл суын бірақ ұрттар жалмауыз.

Обыр - өлікті моладан қазып алып жейтін сұмырай әйел бейнесі.

Мүңкір-нәңкір – өлген адамдардан жауап алушы, тергеуші.

Күрзі - өлген күнәлі адамдарды жазалайтын құрал, шоқпар.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!