Присоединяйся:
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
Достың орны – төр, Дұшпанның орны – көр.
Другу – почетное место в доме, недругу – в могиле место.
Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
Когда враг нападает, плохой друг к нему перебегает
Мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл.
Чем сотню человек знать понаслышке, лучше одного знать в лицо.
Досың көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.
Дружи с тем, у кого приятелей много, откровенничай с тем, у кого друзей мало.
Ерегескен ел болмайды, Есептескен дос болмайды.
Где нет взаимности, там единства нет где корысть, там дружбы нет
Күлме досыңа, келер басыңа.
Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой.
Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Қасың менен досыңды Қас-қабағы танытар.
Друзей от недругов по глазам отличают
Ауыл итінің достығы Сүйек тастағанша…
Дружба аульных собак – до первой косточки
Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан.
Гордись настоящим другом, остерегайся стать другом врага.
Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан
Врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.
Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
Чем плохой друг, лучше достойный враг