Пословицы на казахском языке про гостей и гостеприимство – soyle.kz
Версия для слабовидящих
Присоединяйся:
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
Қонақ қонған жеріне ауыр, тас түскен жеріне ауыр.
Камень тяжел там, где упал, гость тяжел там, где ночевал.
Қонақ келсе, ет пісер, ет піспесе, бет пісер.
Когда гость приходит, мясо хозяин готовит, если мяса не имеет — лицо хозяина краснеет.
Құтты қонак келсе, қой егіз табады.
Когда желанный гость придет, овца двойню принесет.
Сойса, қозы өпеді, соймаса, ұяттан өзі өледі
Забить ягненка гостю — ягненок умрет тогда, не резать — сам умрешь от стыда.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Золото у гостя не бери, а лучше благодарность проси.
Қонақ келсе есікке, жүгіріп шық, кешікпе.
Если гость придет, беги к двери, не опоздай.
Сыйларға асың болмаса, сипарға тілің болсын.
Если нечем гостя угостить, доброе слово для него найди.
Сыйлы қонағың келсе, итіне сүйек таста.
Если пришел уважаемый гость, и собаке его кинь кость.
Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады, үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Если гость плохой, то хозяин гуляет, если хозяин плохой, гость гуляет.
Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ.
Гостю "приходи" говорят всегда, но когда уходить не говорят никогда.
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Души широта скрасит дома тесноту.
Қонағым, басқа үйде де сыбағаң барын ұмытпа.
Гость, не забывай, что угощают и в других домах.