начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
Ел iшi – алтын бесік.
Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар, ер елін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
Орағын өткір болса, карың талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды.
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң.
Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.
Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз болмас.
Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсаң, мыс та жоқ.
Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар.
Туған жердің ауасы да шипа.
Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа.
Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.